Астрахан ауданында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді

Астрахан ауданында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді
Астрахан ауданында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Садвакасованың азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
 
Қабылдау барысында санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы өтініштер қаралды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік нысандарды, соның ішінде автожуу орындарын ашу және олардың қызметін ұйымдастыру кезінде қойылатын талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін ұйымдастыру, аумақтар мен нысандардың санитариялық жағдайын қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.
 
Барлық өтініштер бойынша азаматтарға толыққанды консультациялар ұсынылып, заңнама талаптарын іске асыру тәртібі мен кезеңдері түсіндірілді, сондай-ақ практикалық ұсынымдар берілді.