Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, сондай-ақ үзілістен кейін қайта тағайындалған қызметкерлермен оқыту сипатындағы семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын заңнамалық талаптар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тыйымдар мен шектеулерді сақтау мәселелері қарастырылды.
Департамент басшысының орынбасары С.С. Сәдуақасова мемлекеттік қызмет атқару тәртібін реттейтін негізгі нормаларға тоқталып, соның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу, қызметтік өкілеттікті және ресурстарды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға қатысты шектеулер, сондай-ақ қызметтік әдеп стандарттарын сақтау талаптарын жан-жақты түсіндірді.
Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы, полиция майоры М.Е. Жолмағанбетова отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылықтардың профилактикасы тақырыбында баяндама жасап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау маңыздылығына назар аударды.
Персоналды басқару қызметінің басшысы Г.У. Қанафина мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртіпті сақтау міндеттері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Кеңес қорытындысында қатысушылар өзара пікір алмасып, қолданыстағы заңнаманы тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылады және қойылған сұрақтарға толық жауап алды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайтуға және адалдық қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етеді.