Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылғы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы базасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және Аурулардың алдын алу және бақылау орталықтарымен (CDC) бірлесіп, қолданбалы эпидемиология (FETP Intermediate) бойынша тоғыз айлық бағдарламаның аясында «Біртұтас денсаулық» (One Health) қағидатына негізделген екі апталық оқу курсы өткенін хабарлайды.
Аталған оқу бағдарламасына Департамент басшысының орынбасары Ғалымбек Алин қатысып, курстың негізгі бағыттарын меңгеріп, кәсіби біліктілігін арттырды.
Бағдарлама аясында эпидемиология негіздері, биостатистика, жұқпалы аурулар ошақтарында әрекет ету қағидаттары, цифрлық бағдарламалармен жұмыс істеу, деректерді статистикалық талдау және ғылыми коммуникация дағдылары қамтылды.
Бұл оқу курсына қатысу мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы салааралық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.