Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Серікбайқызы Садвакасова Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шара тимбилдинг форматында ұйымдастырылып, ұжымдық рухты нығайтуға және қызметкерлер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамытуға бағытталды.
Кездесу барысында қатысушылар интерактивті ойындарға қатысып, жас және тәжірибелі мамандар арасындағы өзара түсіністікті арттыруға, қалыптасқан стереотиптерді еңсеруге және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Ашық диалог аясында тәжірибелі мамандар Жанар Ғабитқызы Дәулетбекова мен Раушан Кенжебайқызы Қожахметова өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісіп, жас мамандарға құнды кеңестер беріп, олардың кәсіби дамуына серпін берді.
Сонымен қатар қатысушылар құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тестілеуден өтіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарымен қысқаша таныстырылды.
Кездесу жылы әрі еркін атмосферада өтіп, ұжымның бірлігін арттыруға және корпоративтік мәдениетті нығайтуға оң ықпал етті.