Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселелері қаралды

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселелері қаралды
Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2025 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезге қатысты эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты. Жиын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің төрағалығымен өтті.
Отырыс барысында туберкулезді анықтау, емдеу және оның алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, бірқатар өңірлердегі түйткілді жайттар назарға алынды.
Кеңес қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және жақсартуға бағытталған басым міндеттер айқындалды.