Жаңа туған нәрестелердегі омфалиттің алдын алу: қауіпсіздік шаралары және ата-ананың жауапкершілігі

Жаңа туған нәрестелердегі омфалиттің алдын алу: қауіпсіздік шаралары және ата-ананың жауапкершілігі
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңа туған нәрестелерге күтім жасау талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Бұл – кіндік қалдығы мен кіндік жарасының инфекциялық-қабынуымен сипатталатын омфалиттің алдын алудың негізгі шарты.
Омфалит неонаталдық кезеңде жиі кездесетін іріңді-септикалық аурулардың бірі болып табылады және дер кезінде емделмеген жағдайда флегмонаға, перитонитке, сепсиске ұласуы мүмкін. Көбіне инфекция нәресте өмірінің алғашқы 2–12 тәулігінде гигиеналық талаптар сақталмаған кезде жұғады. Аурудың негізгі қоздырғыштары – стафилококктар мен стрептококктар.
Шала туған сәбилер, босану барысы асқынумен өткен жағдайда дүниеге келген нәрестелер, сондай-ақ құрсақішілік инфекциясы немесе кіндік аймағында туа біткен ақаулары бар балалар қауіп тобына жатады.
Алдын алу мақсатында кіндік қалдығын «құрғақ әдіспен» өңдеу, асептика және антисептика қағидаларын сақтау, медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын бұлжытпай орындау қажет. Кіндік жарасындағы қабыршақты өз бетінше жұлып алу, оны таңғышпен немесе лейкопластырьмен жабу қатаң түрде тыйым салынады.
Кіндік маңында қызару, ісіну, бөлінді пайда болса немесе баланың дене қызуы көтерілсе, дереу дәрігерге жүгіну қажет.
Уақтылы алдын алу шаралары мен дер кезінде көрсетілген медициналық көмек нәресте денсаулығын сақтаудың кепілі болып табылады.