2025–2026 жылдардағы эпидемиялық маусымда Ақмола облысындағы ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы

2025–2026 жылдардағы эпидемиялық маусымда Ақмола облысындағы ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025–2026 жылдардағы эпидемиялық маусым басталғалы өңірдегі жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуалдың маусымдық сипатта өрбіп, тұрақты бақылауда тұрғанын хабарлайды.
Өткен маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ бойынша сырқаттанушылық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Әдеттегідей, науқастардың басым бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, бұл ретте балалар арасындағы көрсеткіштердің азайғаны тіркелді. Сонымен қатар 15–29 жас аралығындағы тұрғындар арасында сырқаттанушылықтың өсуі байқалады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында ЖРВИ жағдайлары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмен. Жүкті әйелдер арасындағы сырқаттану деректері тұрақты бақылауда.
Зертханалық мониторинг нәтижесінде тұмаудың жекелеген жағдайлары, негізінен A(H3N2) типі анықталды. Респираторлық вирустардың айналымына тұрақты вирусологиялық қадағалау жүргізілуде.
Инфекцияның жаппай таралуына жол бермеу мақсатында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қолданыстағы қаулысына сәйкес санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Ұйымдастырылған ұжымдарда бақылау күшейтілді, сырқаттанушылық шекті деңгейден асқан жағдайда қашықтан оқыту форматы енгізіледі, медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілген.
Тұмауға қарсы иммундау науқаны аясында халықтың осал топтары егумен қамтылды.
Департамент эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіп, ахуалға сәйкес уақтылы әрі үйлесімді шаралар қабылдауды жалғастырады.