Ақмола облысында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Senat Open 2026» шахмат турнирі өтті.
Турнир аясында мемлекеттік қызметшілер арасында зияткерлік әлеуетті арттыруға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және шахмат спортын кеңінен насихаттауға бағытталған жарыстар ұйымдастырылды.
Аталған додаға Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де қатысып, команда құрамында Көкшетау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері Жанара Дәулетбаева мен Әлия Әлібаева өнер көрсетті.
Мұндай ауқымды іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында бірлік пен өзара қолдауды нығайтып, мемлекеттік қызмет беделін арттыруға әрі салауатты өмір салтын дәріптеуге ықпал етеді.