Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылдың қаңтар айында жүргізілген бақылау сатып алу іс-шараларының қорытындылары туралы хабарлайды.
Бақылау сатып алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 46 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес жүргізіледі. Бұл — мемлекеттік бақылау аясында өнімнің (тауардың) белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында сатып алынуы.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары 2026 жылға бекітілген Өнімді сатып алу жоспарына сәйкес азық-түлік өнімдері мен азық-түлікке жатпайтын тауарларға тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.
Аталған жоспарға қазіргі таңда 9 мыңнан астам атаудағы азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын өнім енгізілген.
Мониторинг барысында жоспарға енгізілген өнімдер анықталған жағдайда, олардан сынамалар алынып, санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға (зертханалық зерттеулерге) жолданады. Зерттеу нәтижелері бойынша талаптарға сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу және тыйым салу шаралары қабылданады.
Облыс аумағында өнімдердің қауіпсіздігін бақылау жұмыстары жалғасуда.