Жарқайың ауданында мемлекеттік қызмет әдебі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жарқайың ауданында мемлекеттік қызмет әдебі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Сәуле Сәдуақасова Жарқайың аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салу болды.
Кездесу барысында Сәуле Сәдуақасова мемлекеттік қызметшілердің қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқын реттейтін қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, мүдделер қақтығысының алдын алу, азаматтармен және әріптестермен өзара қарым-қатынаста іскерлік әдепті сақтау, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік тәртіпті сақтау және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі мәселелері кеңінен қарастырылды. Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын берік ұстануға тікелей байланысты екені атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ұжымға қызметтік қызметті жетілдіру, корпоративтік мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды мүлтіксіз сақтау бағытында практикалық ұсынымдар берілді.