Тұзды аз тұтыну – денсаулыққа көп пайда

Тұзды аз тұтыну – денсаулыққа көп пайда
Көптеген адамдар күнделікті тұзды ұсынылған мөлшерден едәуір көп пайдаланады. Сонымен қатар, тұздың шамамен 80% - ы ағзаға байқалмай - дайын және өңделген өнімдермен: нан, шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар, снектер және фаст-фуд арқылы түседі.
Тұзды шамадан тыс тұтыну қан қысымының жоғарылауына әкеледі және жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, бүйрек аурулары, асқазан қатерлі ісігі және семіздік қаупін едәуір арттырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жүрек-қан тамырлары аурулары жыл сайын бүкіл әлемде шамамен 17,9 миллион адамның өліміне себепші болуда.
Күнделікті тамақтану әдеттерін өзгерту арқылы тұзды тұтынуды азайтуға болады. Тағамды тұзды барынша аз мөлшерде қосып дайындау, тағамды пісірудің соңында тұздау және ас үстелінен тұз салғышты алып тастау ұсынылады. Дәмін күшейту үшін табиғи дәмдеуіштерді — шөптерді, татымдыларды, лимон шырынын және сірке суын қолданған жөн. Тұздалған, ысталған және консервіленген өнімдерді тұтынуды шектеу, бульон текшелері мен концентраттардан бас тарту, сондай-ақ сатып алу кезінде өнімдердің құрамын мұқият қарап, тұзы аз нұсқаларды таңдау маңызды.
Тамақтану рационын жаңа піскен көкөністер мен жемістерге, сүт өнімдеріне, жаңа піскен ет пен балыққа, жаңғақтар мен кептірілген жемістерге негіздеу қажет. Бұл өнімдер артық тұздың ағзадан шығарылуына және қан қысымының қалыпты деңгейін сақтауға ықпал ететін калийдің көзі болып табылады.
Тұзды тұтынуды азайту — денсаулықты нығайтудың, созылмалы аурулардың алдын алудың және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың қарапайым әрі тиімді қадамы.