Вакцинация — жұқпалы аурулардың алдын алудың негізі

Вакцинация — жұқпалы аурулардың алдын алудың негізі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алуда және халық денсаулығын қорғауда ғылыми тұрғыдан дәлелденген ең тиімді әдістердің бірі екенін атап өтеді.
Қазақстан Республикасында жоспарлы иммундау жүргізудің нәтижесінде қызылша, полиомиелит, дифтерия, сіреспе және өзге де қауіпті жұқпалы аурулардың таралуы едәуір төмендеп, олардың алдын алуға қол жеткізілді. Вакцинация тек егілген адамдарды ғана емес, сондай-ақ ерте жастағы балаларды, қарттарды және иммундық жүйесі әлсіреген тұлғаларды қорғауға мүмкіндік беретін тұрақты ұжымдық иммунитет қалыптастырады.
Профилактикалық екпелерден бас тарту басқарылатын инфекциялардың қайта таралуына, ауру ошақтарының пайда болуына және ауыр асқынулардың дамуына қауіп төндіреді. Қолданылатын барлық вакциналар халықаралық және ұлттық талаптарға сәйкес сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша қатаң бақылаудан өтеді.
Департамент тұрғындарды иммундау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес уақытылы вакцинациядан өтуге және ақпаратты тек ресми дереккөздер мен медицина мамандарынан алуға шақырады.
Вакцинация — әр азаматтың өз денсаулығын сақтауға және қоғамның санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі.