2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты

2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты
2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдай жалпы алғанда тұрақты және бақылауда екені белгілі болды. Бұл туралы брифинг барысында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов хабарлады.
Оның айтуынша, өңірде холера, іш сүзегі, полиомиелит, малярия және құтыру сияқты аса қауіпті инфекциялық аурулар тіркелген жоқ. Сонымен қатар, кейбір жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылық төмендеді: қызылша — 3,8 есе, көкжөтел — 3,1 есе, дизентерия және вирустық гепатиттер.
Алайда, кейбір инфекциялар бойынша әлі де қауіп сақталуда. Қызылша мен көкжөтелге шалдыққан балалардың басым бөлігін вакцинацияланбағандар құрайды, бұл профилактикалық иммундаудың маңыздылығын айқындайды.
Қазіргі эпидемиологиялық маусымда ОРВИ мен грипп бойынша сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Облыс аумағында санитарлық-эпидемиологиялық шаралар кешенді түрде жүргізілуде, халықты иммундау жұмысы белсенді, соның ішінде жүкті әйелдер мен қауіпті топтардағы азаматтардың вакцинациялау деңгейі 90%-дан астам.
Туберкулез бойынша өңірде оң динамика байқалуда, балалар арасында да жағдай жақсарған, бұл жүргізіліп жатқан профилактикалық және диагностикалық іс-шаралардың тиімділігін көрсетеді. Облыс медициналық ұйымдары қажетті вакциналармен, оның ішінде антирабикалық препараттармен толық қамтамасыз етілген.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет эпидемиологиялық қауіптерді төмендету және халық денсаулығын қорғау бағытында жүйелі профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.