Жаңа жыл – бұл балалар да, ересектер де асыға күтетін таңғажайып мереке.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балаларға сапалы және қауіпсіз сыйлықтар сатып алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет.
Жаңа жылдық сыйлықтарды ұйымдастырылған сауда орындарынан алыңыз - дүкендер, супермаркеттер, бөлшек және көтерме сауда базарларда.
Сыйлықты сатып алғанда, ең алдымен қаптаманың әдемілігіне емес, оның мазмұнынаназар аудару керек.
Сыйлықтың таңбалауында (этикеткасында) сыйлықтың атауы, сыйлықтың құрамына кіретін кондитерлік бұйымдардың атауы, буып-түю күні, жарамдылық мерзімі және жалпы орамды сақтау шарттары, мекенжайы (орналасқан жері), дайындаушының фирмалық атауы, ЕАС белгісі болуы тиіс.
Кондитерлік жиынтықтарды таңдағанда, тәттілердің құрамында дәм мен хош иісті күшейткіштер, консерванттар (E200, E202, E210, E249), синтетикалық бояғыштар, гидрогенезделген майлар мен тоң майлар, сондай-ақ табиғи кофе болмауы керек.
Сонымен қатар, балалар арасында ішек ауруларын тудыратын кремді кондитерлік өнімдер сияқты тез бұзылатын өнімдерді жаңа жылдық сыйлықтарда қолдануға тыйым салынады.
Кондитерлік өнімдерді тоңазытқышта немесе қаптамада көрсетілген температуралық режимі бар бөлмеде сақтау керек.
Айта кетейік, тұтынушы сатушыдан сатып алынатын жаңа жылдық сыйлық пен қаптаманың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды (сәйкестік туралы декларацияны) талап етуге құқылы.