Жұмыскерлердің денсаулығын нығайту саласындағы «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру нәтижесінде мынадай әсерлерге қол жеткізу көзделеді:
Қызметкерлер үшін:
• еңбек жағдайларына қанағаттанушылықты арттыру;
• өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;
• денсаулықты нығайту және жалпы әл-ауқатты жақсарту;
• белсенді және еңбекке қабілетті өмір сүру ұзақтығын арттыру.
Жұмыс берушілер үшін:
• ұзақ мерзімді салауатты еңбек ресурстарын сақтау;
• уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты жұмыс уақытының жоғалуын азайту;
• кадрлар айналымының төмендеуі;
• ұйымның имиджін және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;
• корпоративтік мәдениетке салауатты өмір салтының басымдығын енгізу;
• қызметкерлердің аурушаңдық және мүгедектік деңгейін төмендету;
• салауатты өмір салтын ұстанатын қызметкерлердің үлесін арттыру.
«Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру денсаулықты нығайтуға, салауатты өмір салтына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сырқаттанушылық пен еңбек шығындарын азайтуға, сондай-ақ еңбек ресурстарының тұрақтылығын және ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал ете отырып, қызметкерлер үшін де, жұмыс берушілер үшін де кешенді оң нәтиже береді.