Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қызметкерлерге арналған құқықтық оқыту бойынша семинар-кеңес өтті

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде қызметкерлерге арналған құқықтық оқыту бойынша семинар-кеңес өтті
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінде онлайн форматта семинар-кеңес ұйымдастырылды. Іс-шара Департаменттің Ережесіне сәйкес өткізілді және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруды мақсат етті.
 
Семинардың ашылуында Департамент басшысы Серік Омарханов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына жүйелі түрде назар аударудың, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарын сақтау маңыздылығын атап өтті.
 
Жұмыс барысында екі негізгі бағыт қаралды: Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын түсіндіру, оны Департамент бөлімінің басшысы Булат Байкенов баяндады, сондай-ақ өткізу режимін ұйымдастыру талаптары, бұл тақырып бойынша бөлімнің бас маманы Асет Галиев сөз сөйледі.
 
Баяндамалардан кейін қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
 
Семинарды қорытындылай келе, Департамент басшысы Серік Омарханов құқықтық мәдениетті ұдайы арттырудың және қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңызын атап өтті.