Тұмау - бұл адамнан адамға берілетін вирустық респираторлық ауру. Негізгі таралу жолдары – ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде) және жанасу (ауыз бен мұрынды қолмен ұстау арқылы).
Тұмаудың қауіптілігі мүмкін болатын асқынулармен байланысты, әсіресе балалар арасында. Аурудың ауыр түрлері пневмония мен тыныс алу жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда ауру өлімге әкелуі мүмкін.
Тұмаудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауруы, мұрыннан су ағу, бас ауруы, қалтырау, бұлшықет пен буындардың ауруы.
Маңызды! Тұмау вирусы жұқпалы: симптомдар басталғанға дейінгі бірінші күннен бастап және олар пайда болғаннан кейін 7 күнге дейін жұғуы мүмкін.
Тұмаудың таралуын болдырмау үшін мына ережелерді сақтаңыз:

Бөлмені үнемі желдетіп, тазалап отырыңыз.

Қолыңызды сабынмен кем дегенде 20 секунд бойы жуыңыз, ата-аналар үлгі көрсетуі керек.

Жеке сүлгілерді қолданыңыз.

Ауру балаларды үйде қалдырып, балабақшаға немесе мектепке жібермеңіз.

Күн тәртібін сақтаңыз: толыққанды ұйықтау, таза ауада серуендеу және шамадан тыс жұмыс жасамау.

Балаларды гипотермиядан және қызып кетуден қорғаңыз.
Осы ережелерді сақтау балалар мен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғауға көмектеседі!