Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектептік тамақтану стандартын енгізу мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырды. Іс-шараға орта білім беру ұйымдарының басшылары, тамақтануды ұйымдастыру қызметін жеткізушілер, жалпы білім беретін мектептердің медицина қызметкерлері, бракераждық комиссиялардың мүшелері, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде ведомство басшысының орынбасары Сауле Садвакасова 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандарты күшіне енетінін атап өтті. Оның әзірленуінде балаларды қауіпсіз, сапалы әрі теңгерімді өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған заманауи халықаралық талаптар ескерілген.
Стандарттың негізгі артықшылықтары - тұзды, қантты және майларды тұтынуды азайту, рационға көкөністер мен жемістерді көбейту, сондай-ақ мәзірден табиғи емес тағам өнімдерін алып тастау болып табылады. Атап айтқанда, құрамында қант бар сусындар мен шырындар газсыз суға, сүтке, қышқыл сүт өнімдеріне, жеміс шайларына, компоттарға және қант мөлшері төмен, термиялық өңдеуден өткен жеміс-жидек сусындарына алмастырылды.
Құжатта ерекше диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтануын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар және ас блогы жоқ шағын жинақты мектептер үшін талаптар да қарастырылған.
Семинар барысында тағамнан уланудың алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері де талқыланды.
Қорытындысында Сауле Садвакасова жаңа мектептік тамақтану стандартын енгізу оқушыларды анағұрлым сапалы әрі пайдалы өнімдермен қамтамасыз етіп, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға маңызды қадам болатынын атап өтті.