Осыған байланысты Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық санэпидбақылау басқармаларының қатысуымен оқыту семинарын ұйымдастырып, бағдарлама мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі таныстырды.
АЖ СЭҚ-тың негізгі мүмкіндіктері:

кәсіпкерлер мен санитариялық қызмет мамандары үшін дербестендірілген кабинеттер;

профилактикалық іс-шараларды автоматтандыру: медициналық тексерулер, зертханалық зерттеулер туралы ақпаратқа қолжетімділік, есептер мен ұсынымдар қалыптастыру;

санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау талаптарына сәйкес келмейтін өнімді реестрден тексеру.