АПВ қарсы вакцинация: Алдын ала ойлануға тұрарлық қорғаныс

АПВ қарсы вакцинация: Алдын ала ойлануға тұрарлық қорғаныс
Адам папилломасы вирусы (АПВ) - әлемдегі ең кең таралған жұқпалардың бірі. Көп жағдайда бұл вирус жыныстық жолмен беріледі және ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз жүруі мүмкін. Алайда вирустың кейбір түрлері қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін - жыныс сүйелдерінен бастап жатыр мойны, тамақ және басқа да мүшелердің қатерлі ісігіне дейін.
Ғылыми зерттеулер мен көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей: вакцинация АПВ ең қауіпті штаммдарынан қорғанудың тиімді жолы. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен жетекші педиатриялық қауымдастықтар 9–13 жас аралығындағы балаларға, жыныстық өмір басталғанға дейін, вакцина алуды ұсынады.
Көптеген ата-аналарда сұрақ туындайды: неге дәл осы жаста вакцина салуды ұсынады? Жауап қарапайым - вируспен алғашқы байланысқа дейін екпе ең тиімді әсер береді. Бұдан бөлек, бала жастағы иммундық жүйе вакцинаға жақсы жауап беріп, ұзақ мерзімді және мықты иммунитет қалыптастырады.
АПВ қарсы вакцина көптеген елдерде бұрыннан қолданылып келеді және оның қауіпсіздігі дәлелденген. Қажетсіз әсерлер өте сирек кездеседі және көбінесе екпе салынған жерде аздап қызару немесе уақытша әлсіздікпен шектеледі.
Маңыздысы АПВ қарсы вакцинация, басқа балалық шақтағы екпелер секілді, болашақтағы денсаулық үшін мықты негіз қалайды. Бұл балаңызды күтпеген жерден пайда болуы мүмкін және ауыр салдар әкелетін аурулардан қорғауға көмектеседі.
АПВ байланысты қатерлі ісіктер көбінесе баяу дамиды және жылдар өткен соң ғана байқалады. Егер бүгін осы қатердің алдын алуға мүмкіндік болса - оны пайдалану керек. Егер балаңыз әлі АПВ қарсы вакцина алмаған болса, дәл қазір - ең қолайлы уақыт. Бұл қадаммен сіз оның денсаулығын ұзақ жылдарға қорғап қаласыз.