Әрбір ұйымның құрамында қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек қатынастарын реттеуге қатысу және қолайлы еңбек жағдайларын жасау негізгі міндеті болып табылатын кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.

Әрбір ұйымның құрамында қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек қатынастарын реттеуге қатысу және қолайлы еңбек жағдайларын жасау негізгі міндеті болып табылатын кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді.
Бұл тұрғыда Ақмола облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де ерекшелік емес. Мұнда кәсіподақ ұйымы еңбек ұжымының өмірінде белсенді рөл атқарады. Ол еңбек жағдайлары, денсаулықты сақтау, қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
Осы жұмыс аясында Департаментте кәсіподақ ұйымының жиналысы өтті, онда 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің қорытындылары шығарылды. Жиналыста кәсіподақ комитетінің төрайымы Индира Нугуманова есеп берді.
Өз сөзінде ол есепті кезеңдегі кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда, ұжымдық шарттың ережелерін іске асыру, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, мерекелік және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ санаторийлер мен балалар сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар беру мәселелері қаралды.
Есепте қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінді бірінші жартыжылдықта емделуге және өзге де қажеттіліктерге материалдық көмек көрсетілді, корпоративтік рухты нығайту бастамалары қолдау тапты, Медицина қызметкерлері күні мен өзге де атаулы күндерге орай іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша кәсіподақ комитетінің жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Департамент ұжымы төрайымға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдірді.