Суши мен роллдар жапон асханасының жеңіл әрі «экзотикалық» тағамы ретінде көпшіліктің көңілінен шыққан.

Суши мен роллдар жапон асханасының жеңіл әрі «экзотикалық» тағамы ретінде көпшіліктің көңілінен шыққан.
Алайда олардың нәзік дәмі мен әдемі сырт келбетінің артында денсаулыққа төнетін елеулі қауіп жасырулы болуы мүмкін - әсіресе, егер бұл тағам санитарлық талаптарға сай дайындалмаса немесе дұрыс сақталмаса.
Ендеше, сапасыз суши қандай қауіп төндіруі мүмкін және улану қаупін қалай азайтуға болады - осыны талдап көрейік.
Ең басты қауіп көзі - шикі балық. Егер балық балғын болмаса немесе паразиттермен зақымдалған болса, бұл тағамнан улануға немесе паразиттік ауруларға алып келуі мүмкін. Әсіресе, сушидің дұрыс температурада сақталмауы аса қауіпті: қауіпсіз температура аралығы - 0-ден +4 °C-қа дейін. Бұл талап бұзылған жағдайда, балық пен күріште зиянды бактериялар жылдам көбейе бастайды.
Уланудың қосымша себептері ретінде мерзімі өткен немесе сертификатталмаған өнімдерді қолдану, асүйдегі антисанитарлық жағдай, лас аспаптар мен аспаздың жуылмаған қолдары жатады.
Сушиден улану белгілері тез байқалады - тамақтан кейін 30 минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта. Алғашқы белгілер: жүрек айну, әлсіздік, жалпы жайсыздық, содан кейін бірнеше рет құсу басталуы мүмкін. Мұндай белгілер байқалған жағдайда, дер кезінде дәрігерге жүгіну өте маңызды.
🔰Суши немесе роллдардан уланудың алдын алу үшін мынадай қарапайым ережелерді сақтаңыз:
✅Сушиді тек сенімді, жақсы беделі бар мекемелерден сатып алыңыз.
✅Жаз мезгілінде жеткізілім қызметінен суши алудан бас тартқаныңыз жөн, әсіресе тасымалдау шарттарына сенім болмаса.
✅Сушиді ұзақ сақтамаңыз – тоңазытқышта болса да, сатып алғаннан кейін 2–3 сағат ішінде тұтынған дұрыс.
✅Иісіне мән беріңіз: жаңа балықтан жағымсыз немесе өткір иіс шықпайды.
✅Сушиді балаларға, жүкті әйелдерге және иммунитеті әлсіреген адамдарға ұсынбаңыз.
Суши – дәмді әрі жеңіл тағам, бірақ гигиена мен сақтау шарттары бұзылса, улануға себеп болуы мүмкін. Тойып тамақтану үшін денсаулығыңызды қауіпке тікпеңіз – сапалы әрі қауіпсіз өнімдерді таңдаңыз.