Күн сайын сауда сөрелерінде азық-түлік, косметика және балалар ойыншықтарына дейінгі әртүрлі тауарлар көбейіп келеді. Алайда олардың барлығы қауіпсіз бе? Осы сұрақтың жауабын табуға бақылау сатып алуы көмектеседі.

Күн сайын сауда сөрелерінде азық-түлік, косметика және балалар ойыншықтарына дейінгі әртүрлі тауарлар көбейіп келеді. Алайда олардың барлығы қауіпсіз бе? Осы сұрақтың жауабын табуға бақылау сатып алуы көмектеседі.
Бақылау сатып алуы - бұл мемлекеттік бақылау шеңберінде тауарларды сатып алып, кейін санитариялық-эпидемиологиялық сараптамадан өткізу рәсімі. Сараптама нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған жағдайда шектеу шаралары қолданылады. Бақылауға ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген өнімдер жатады.
Өнім үлгілерін іріктеу және олардың санын айқындау бақылау мен қадағалау мақсатында өнімді және оны сынау әдістерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап бақылау сатып алуы аясында 816 өнім үлгісі іріктелді. Оның ішінде 116 үлгісі (14,2%) белгіленген талаптарға сәйкес келмеді. Ең көп бұзушылықтар тағамға жатпайтын өнімдерде - 55,7% анықталды, ал тағам өнімдерінде сәйкессіздік деңгейі 5,6% құрады. Көп жағдайда бұзушылықтар таңбалауға, сондай-ақ микробиологиялық және физика-химиялық көрсеткіштерге қатысты болды.
Тексерілген отандық өндірушілердің өнімдері белгіленген талаптарға толық сәйкес келді – бұзушылықтар анықталған жоқ. ЕАЭО елдерінен әкелінген тауарлардың сәйкессіздік деңгейі 7,8% болды, оның ішінде тағам өнімдері бойынша - 6,4%, тағамға жатпайтын өнімдер бойынша - 25,6%. Басқа шет мемлекеттерден жеткізілген өнімдерде сәйкессіздік едәуір жоғары - 42,4%, оның ішінде тағам өнімдері бойынша – 6,6%, тағамға жатпайтын өнімдер бойынша – 70,8%.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 39 қаулы шығарылып, олардың барлығы орындалды. Нәтижесінде, 187 бірлік өнім сатылымнан алынып, жеткізушілерге қайтарылды. Атап айтқанда - 184 бірлік тағам өнімі (жалпы салмағы – 22,248 кг, көлемі – 131,08 литр), жалпы құны 125 842 теңге; 3 бірлік тағамға жатпайтын өнім (көлемі – 4,5 литр), жалпы құны 4 260 теңге.
Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында Көкшетау қаласында 21 өнім атауы бойынша сәйкессіздік анықталуына байланысты 5 тергеп-тексеру жұмысы жүргізілді.