Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру және жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да этикалық нормаларды сақтау мақсатында онлайн форматта кеңейтілген оқыту семинары өтті.

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру және жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да этикалық нормаларды сақтау мақсатында онлайн форматта кеңейтілген оқыту семинары өтті.
Іс-шараның негізгі спикерлерінің бірі Департамент бөлімінің басшысы Булат Байкенов әкімшілік құқықбұзушылық істерін қарау және жүргізу тәртібі тақырыбында жан-жақты баяндама жасады. Ол өз сөзінде әкімшілік іс қозғау кезінде лауазымды тұлғалардың іс-әрекет алгоритміне, іс материалдарын рәсімдеуге және процестік құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тоқталды. Істерді қарау барысында заңдылықты сақтау және тараптардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Семинардың екінші маңызды бөлігі - қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселесін талқылау болды. Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Сауле Садвакасова ұжыммен түсіндіру әңгімесін өткізіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін еске салды. Ол мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық талаптары тек қызметтік міндеттерді орындау кезеңінде ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақытта да қолданылатынын атап өтті.
Мемлекеттік қызметші - жұмыс орнынан тыс жерде де мемлекеттің өкілі болып табылады, - деді Сауле Садвакасова. - Оның күнделікті өмірдегі, әлеуметтік желілердегі, азаматтармен қарым-қатынасындағы тәртібі жоғары моральдық және кәсіби стандарттарға сай болуы тиіс.
Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу - тәртіпті нығайту, құқықтық сананы қалыптастыру және қызметкерлер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады.