Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Олжабайұлы Садвакасов Департамент ұжымына жаңа басшы – Серік Сексенбайұлы Омархановты таныстырды.
Серік Сексенбайұлы Омарханов 2010 жылы Астана қаласының Медициналық университетін «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша аяқтап, сол жылдан бастап санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде еңбек жолын бастады.
Қызмет еткен жылдары ол санитариялық қадағалау саласының түрлі бөлімшелерінде жауапты лауазымдарда жұмыс істей жүріп, бас маманнан департамент басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.
2010–2011 жылдары көліктегі санитариялық бақылау департаментінің санитариялық-эпидемиологиялық нормалау бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2011–2016 жылдар аралығында радиациялық қауіпсіздікке қадағалау бөлімі мен Ақмола облысы санитариялық бақылау департаментінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2016 жылдан 2025 жылға дейін Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмысын жалғастырды.
2025 жылғы қаңтар мен маусым аралығында өңірдің денсаулық сақтау басқармасында медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі басшының орынбасары қызметін атқарды.