Қарқынды өзгеріп жатқан қазіргі әлемде қауіпсіздік мәселелері барлық салада бірінші кезектегі маңызға ие болып отыр. Әсіресе халықтың денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететін мекемелерді қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

Осыған байланысты Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде денсаулық сақтау нысандарын лаңкестікке қарсы қорғау мәселелеріне арналған арнайы семинар өтті.
Ведомство басшысының міндетін атқарушы Сауле Садвакасова өз кіріспе сөзінде бұл тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Семинардың мақсаты – медициналық ұйымдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру және лаңкестік қауіптерінің алдын алу мен оларға жедел әрекет етуге дайын болуын қамтамасыз ету.
Департаменттің бас маманы Асет Галиев Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын лаңкестік тұрғысынан осал нысандардың антитеррорлық қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты егжей-тегжейлі талдап берді.
Баяндама барысында медициналық мекемелердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін енгізілуі тиіс негізгі қағидалар мен шаралар баяндалды.
Семинарға қатысушылар антитеррорлық қорғауды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар мен нақты нұсқаулар алды.