Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті базасында қоғамдық тамақтану орындарында тамақтан уланудың алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара барысында санитариялық қауіпсіздік тұрғысынан ең осал салалардың бірі болып табылатын кейтеринг қызметтеріне ерекше назар аударылды.

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті базасында қоғамдық тамақтану орындарында тамақтан уланудың алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шара барысында санитариялық қауіпсіздік тұрғысынан ең осал салалардың бірі болып табылатын кейтеринг қызметтеріне ерекше назар аударылды.
Семинарға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палатасы мен аумақтық филиалдарының өкілдері, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Ұлттық сараптама орталығының филиалы, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының иелері мен қызметкерлері, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының мамандары қатысты.
Кездесуді аша отырып, Департамент басшысының орынбасары Канат Искаков әсіресе қоғамдық тамақтану орындарында тамақтан жаппай улану жағдайларының туындау қаупі жоғары екенін айта келе, уланудың алдын алудың уақтылы жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті.
Кейтерингтік қызмет көрсету кезінде қоғамдық тамақтану кәсіпорындары сақтауы тиіс санитариялық талаптар туралы Департамент бөлімінің басшысы Динара Бейсембекова айтып берді.
Өз баяндамасында ол тамақ өнімдерін, әсіресе тез бұзылатын өнімдерді сақтау, тасымалдау және өткізу шарттарының сақталуына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, тәжірибеде жиі кездесетін типтік бұзушылықтар қаралып, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Семинар барысында қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында өндірістік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу мәселесі де жеке тақырып ретінде талқыланды. Ұлттық сараптама орталығы филиалы бөлімінің басшысы Нина Мамызова өндірістік бақылау аясында жүргізілетін зертханалық зерттеулер мәселелеріне тоқталды.
Семинарға қатысушылар тамақ өнімдерінің санитариялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларды талқылап, бақылау процестерін жетілдіру бойынша пікір алмасты.