Сапар барысында Сархат Бейсенова Департамент пен Көкшетау қалалық басқармасына барды. Негізгі назар санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың қазіргі жай-күйіне, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізуге, сондай-ақ жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелеріне аударылды.
Комитет төрайымы өңірдің материалдық-техникалық базасына ерекше көңіл бөлді. Ол инфекциялардың кең спектрі бойынша зерттеулер жүргізілетін Ұлттық сараптама орталығы филиалының зертханаларының жұмысымен танысып, дезинфекциялық және дезинсекциялық құралдар қоймасын аралап көрді.
Кездесу барысында санитариялық бақылаудың тиімділігін арттыру, зертханалық зерттеулер мен логистиканың сапасын жақсарту жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.