Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Көкшетау қаласындағы су тазарту құрылыстарының барысымен танысты. Іс-шараға жобаны іске асыруға тартылған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мердігер ұйымдар мен жауапты мамандар қатысты.

Сапардың мақсаты – қала тұрғындарын сапалы әрі қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылуымен танысу болды.
Нысанды аралау барысында Сархат Бейсенова құрылыс жұмыстарының қазіргі жай-күйі, жобалық параметрлері мен нысандардың техникалық сипаттамалары, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімдері туралы баяндамаларды тыңдады. Тексеру қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың барлық кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуының маңыздылығына назар аудара отырып, тиісті ұсынымдар берілді.