Кене энцефалитінің алдын алу: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?

Кене энцефалитінің алдын алу: өзіңізді және жақындарыңызды қалай қорғауға болады?
Жылы маусым келген сайын кенелердің белсенділігі артып, олар арқылы жұғатын қауіпті аурулардың, соның ішінде кене энцефалитінің қаупі артады. Бұл — орталық жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін вирустық ауру.
🔹 Қалай қорғануға болады?
✅ Киім — орманға немесе шөпті жерге шыққанда жабық киім киіңіз. Міндетті түрде бас киім болу керек.
✅ Репелленттер — тері мен киімге арналған кене қарсы арнайы құралдарды қолданыңыз.
✅ Серуеннен кейін тексеру — денеңізді мұқият қарап шығыңыз, әсіресе құлақ арты, қолтық асты және шап аймағын.
✅ Кенені үйде тастамаңыз — оны абайлап алыңыз (немесе дәрігерге жүгініңіз) және мүмкін болса, зертханаға талдауға тапсырыңыз.
📌 Есіңізде болсын: кене шаққан жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну — ауру қаупін едәуір төмендетеді!
Денсаулығыңызға мұқият болыңыз 🌿