10 денсаулық саны: Өзіңе қамқор болудың қарапайым жолы

10 денсаулық саны: Өзіңе қамқор болудың қарапайым жолы

Қазіргі заманда технологиялар күннен-күнге дамып, күнделікті тіршілікті жеңілдетуде. Алайда, бұл жайлылықпен бірге өмірімізге қозғалысы аз өмір салты да еніп жатыр. Күні бойы компьютер алдында отырамыз, жолда – көлік кептелісінде тұрамыз, кешкісін – теледидар алдында боламыз. Нәтижесінде, ұйқыға, дұрыс тамақтануға, дене белсенділігіне және жақындармен қарым-қатынасқа уақыт жетіспей жатады.

Күнделікті қарбаластан денсаулықты ұмыт қалдырмау үшін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы қарапайым әрі көрнекі еске салғыш әзірледі – «10 денсаулық саны». Бұл – денсаулық күйіңізді бағалап, маңызды күнделікті дағдыларды еске түсіретін компас іспетті.

Міне, сол көрсеткіштердің кейбірі:

8 сағат ұйқы – ағзаны қалпына келтіріп, психоэмоционалдық тепе-теңдікті сақтайды;

Күніне 5 порция көкөніс пен жеміс – иммунитет пен қуаттың негізі;

Күніне 10 000 қадам – жүрек пен тамырларды сергек ұстаудың оңай жолы;

Тәулігіне 5 г тұздан аспау – гипертониядан сақтану үшін;

Күніне кемінде 2 литр таза су – тері, бүйрек және зат алмасу үшін пайдалы.

Бұл сандар өмір салтыңызды түбегейлі өзгертуді талап етпейді – керісінше, олар тұрақты әрі шағын қадамдар арқылы ұзақ жылдар бойы денсаулықты сақтауға болатынын көрсетеді.

Өзіңізге қамқорлық жасауды кішіден бастаңыз. Осы еске салғышпен танысыңыз және алғашқы қадамыңызды жасаңыз – өйткені болашаққа жасалатын ең тиімді инвестиция – бүгінгі өз денсаулығыңызға деген көңіл.