Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастырған жұмыс семинары өтті.

Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастырған жұмыс семинары өтті.
Іс-шараға аудандық басқармалар мамандары мен Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының өкілдері қатысты. Негізгі талқыланған тақырып – санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысқа деректерді енгізу болды.
Департаменттің міндетін атқарушы басшысы Сауле Садвакасова семинар мамандардың жергілікті жерде кездесетін қиындықтарын анықтау және талдау, сондай-ақ зерттеулерді жоспарлау процесін жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында аудандар өкілдері өзекті мәселелерді бөлісіп, жұмысты оңтайландыруға нақты ұсыныстар айтты. Техникалық сұрақтар, құжаттарды рәсімдеу және қызметтер арасындағы өзара әрекеттестік мәселелері қаралды.
Сауле Садвакасова айтылған барлық ұсыныстар мен ескертпелер алдағы кезеңге арналған мемлекеттік тапсырыс жоспарын құру барысында міндетті түрде ескерілетінін баса айтты.