Кездесу барысында ауданның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Әсіресе, қазіргі эпидемиологиялық ахуал, оның ішінде жұқпалы аурулар және оларды болдырмау мен бақылау бойынша жергілікті деңгейде қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру, соның ішінде рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету жолдары талқыланды.
Кеңесте азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу маңызды бағыттардың бірі ретінде аталды. Түскен өтініштерді жедел, объективті әрі кәсіби түрде қарастыру, сондай-ақ қабылданған шаралар туралы өтініш иелерін уақтылы хабардар ету қажеттігі атап өтілді.
Қанат Искаков халықпен кері байланыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына деген сенімді арттырудың негізгі факторларының бірі екенін айтты.
Кеңес соңында департамент басшысының орынбасары қызметкерлердің әкімшілік тәртіпті қатаң сақтауына, лауазымдық міндеттерін орындаудағы жауапкершілігін арттыруға, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ ведомстволық аумақта санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуге баса назар аударды.
Кеңес қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға, ұйымдастырушылық жұмысты жетілдіруге және аудандық басқарманың қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.