Құрбан айт: мейірімділік пен денсаулыққа қамқорлық мерекесі

Құрбан айт: мейірімділік пен денсаулыққа қамқорлық мерекесі
Құрбан айт мерекесі – бұл тек маңызды діни мейрам ғана емес, сонымен қатар адамдарды ізгілікке, мейірімділікке және өзара көмекке үндейтін маңызды әлеуметтік оқиға.
Осы қасиетті күндері мұсылмандар сауапты істерге ұмтылады: дәулетін бөліседі, туған-туыстарын аралайды, қонақтарды үйге, дәмханалар мен мейрамханаларға шақырады, құрбандық шалу рәсімін орындайды.
Дәстүр бойынша Құрбан айт үш күн бойы аталып өтіледі, әр күні өзіндік мәнге ие. Алайда дәл осы кезеңде жаппай адамдар жиналатын орындарда және қоғамдық тамақтану нысандарында жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) мен тамақтан улану қаупі артады.
Осыған байланысты Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қоғамдық тамақтану орындарының басшылары мен барлық азаматтарға, әсіресе мереке күндері санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.
Мамандардың негізгі ұсынымдары:
✅тек сертификатталған тағам өнімдерін сатып алыңыз;
✅тағам дайындау технологиясын қатаң сақтаңыз;
✅шикі және дайын өнімдерді араластырмаңыз;
✅тез бұзылатын тағамдарды (майонезді және қаймақты салаттар, кремі бар торттар мен тәттілер) мәзірден алып тастаңыз;
✅дастарханды алдын ала жаймаңыз және қалған асты келесі күні пайдаланбаңыз;
✅ас үйге бөгде адамдардың кіруін шектеңіз;
✅жеке бас гигиенасын сақтаңыз: қолыңызды, көкөністер мен жемістерді жуыңыз;
✅тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
✅дайын тағамдарды бөлме температурасында бір сағаттан артық сақтамаңыз;
✅тағамдарды тасымалдау мен сақтау үшін таза қаптамаларды қолданыңыз.
Есіңізде болсын: денсаулыққа деген қамқорлық – әркімнің жеке жауапкершілігі.Құрбан айт мерекесі әр шаңыраққа қуаныш, тыныштық пен береке әкелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, ақ ниет және мерекені аман-есен атап өтуді тілейміз!