Бүгін Қазақстанда маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі — Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде. Бұл мереке қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің басты нышандары — Ту, Елтаңба және Әнұраның айналасына біріктіреді. Ақмола облысында бұл мереке патриотизм мен ұлттық бірліктің атмосферасында өтті — салтанатты шара «Ту тұғыры» монументінің алаңында ұйымдастырылды.

Шараға ардагерлер, қоғам өкілдері, студенттер, жас спортшылар және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері жиналды. Мерекелік рәсімді ерекше қонақ — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы, есімі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылнамасына мәңгілікке жазылған Жандарбек Мәлібековтің қатысуы әрледі.
Іс-шараның шарықтау шегі — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі болды. Әнұран ерекше тебіреніспен және мақтанышпен орындалды.
Шара аясында облыс әкімі атынан алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті — бұл жоғары марапаттар спорт пен білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан өңірдің көрнекті өкілдеріне, сондай-ақ қоғам игілігі үшін белсенді қызмет атқарған студенттер мен қоғам қайраткерлеріне берілді.
Мемлекеттік рәміздер күні — бұл Қазақстан халқын біріктіретін құндылықтар: патриотизм, Отанға деген адалдық және ұлттық қасиетті нышандарға деген құрмет туралы еске салатын күн. Бұл мереке жоғары деңгейде өтіп, мемлекеттік рәміздердің тек тулар мен елтаңбаларда ғана емес, әрбір азаматтың жүрегінде өмір сүретінінің тағы бір жарқын дәлелі болды.