Табиғи және техногендік апаттар қаупінің арту жағдайында азаматтық қорғау мәселелері ерекше өзектілікке ие болуда. Халықтың қауіпсіздігі тікелей жауапты қызметтердің жеделдігі мен сауатты іс-әрекеттеріне байланысты. Бұл тұрғыда құтқару бөлімшелерімен қатар, төтенше жағдайлар кезінде жұқпалы аурулардың өршуін болдырмауға жауапты санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары да маңызды рөл атқарады.

Кризистік жағдайларда дайындық пен іс-қимылдарды үйлестіруді арттыру мақсатында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде азаматтық қорғау мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалының мамандары қатысты.
Сабақты Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті басқармасының офицері Амир Амангельдинов өткізді. Кездесу барысында ол азаматтық қорғау саласында халық пен мамандарды хабардар ету, білімін насихаттау және оқыту қағидаларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Оқыту барысында төтенше жағдайлар саласындағы негізгі бағыттарға – оқиғаға жедел ден қою, басқа қызметтермен іс-қимылдарды үйлестіру, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және халықтың бірінші кезектегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.
Қатысушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі, оның ішінде эвакуация, алғашқы көмек көрсету, халықты уақытша орналастыру орындарында санитариялық қадағалауды ұйымдастыру ережелері еске салынды.
Мұндай іс-шаралар тек білімді нығайтып қана қоймай, сонымен қатар төтенше жағдай туындаған жағдайда жүйенің барлық буындарының бірлескен іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.