Мемлекеттік басқару жүйесін үнемі жетілдіру жағдайында құқықтық және этикалық нормаларды сақтау мемлекеттік органдардың тиімді қызметінің ажырамас бөлігіне айналуда. Дәл осы мәселелер Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде өткен кеңесте талқыланды. Іс-шараға департаменттің барлық аумақтық басқармаларының өкілдері қатысты.

Кеңестің басты тақырыбы – әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері болды. Талқылауға себеп болған жайт – әкімшілік және этикалық салаларда орын алған бұзушылықтар, олар аумақтық бөлімшелер қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді қажет етеді.
Кеңесте «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында Ақмола облысы полиция департаментінің әкімшілік практика бөлімі инспекторы Зарина Иргебекова баяндама жасады.
Ол автокөлікті басқару кезінде жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға кеңінен тоқталып, қызметкер лауазымына қарамастан, жеке тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Мұндай құқық бұзушылықтардың құқықтық салдарларына және олардың алдын алу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйінде жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар түсіндірілді.
Кездесудің екінші маңызды тақырыбы – мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау болды. Бұл мәселе бойынша кеңес қатысушыларына департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Сауле Садваккасова баяндама жасады. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидаттарын еске салып, азаматтардың сенімін сақтау маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ тәжірибеде кездесетін этикалық бұзушылықтардың типтік мысалдарын талдады.
Ведомствоның әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сана мен жауапкершілік деңгейін арттыру – тиімді, ашық әрі адал жұмыстың негізі екенін атап өтті.