Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

2023 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1623,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 99,8%-ды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2023 жылғы қаңтар- маусымда  1442,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,4%-ды құрады. Газ конденсаты 0,3%-ға азайды.

Өңдеу өнеркәсібінде 2023 жылғы қаңтар-маусымда 138 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 23,6%-ға жоғары. Тамақ өнеркәсібінің үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 34,8% тиесілі. 2023 жылғы қаңтар-маусымда 46768,8 млн. теңгенің тамақ өнімдері, 1241,4 млн. теңгеге сусындар өндірілді. Ауыл шаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу 23,3%-ға, сусындар өндірісі 9,3%-ға, өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру 18,6%-ға өсті.

Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру (сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған) 3512,8 млн. теңгеге өндіріліп, 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен нақты көлем индексі 4,4 есеге өсті.

Қағаз және қағаз бұйымдарының өнімдерін өндіруде 253,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 43,9%-ға өсті.

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғыртуда 387,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне нақты көлем индексі 106,4%-ды құрады.

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 12127 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі
2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 114,2%-ды құрады.

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіруде 2023 жылғы қаңтар-маусымда өндіріс көлемі 5161,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 80,4%-ды құрады.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 2023 жылғы қаңтар-маусымда өндіріс көлемі
5264,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар- маусым деңгейіне 92,3%-ды құрады.

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіруде 2023 жылғы қаңтар-маусымда өндіріс көлемі
10251 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 104,5%-ды құрады.

Металлургия өндірісінде 2023 жылғы қаңтар-маусымда өндіріс көлемі 12552,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 139,5%-ды құрады.

Машина жасауда 2023 жылғы қаңтар-маусымда өндіріс көлемі 31504,5 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар- маусым деңгейіне 144,4%-ды құрады.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда өндіріс көлемі 38 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 97,1%-ды құрады.

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 5,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2022 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 105,2%-ды құрады.

 

 

 

 

Өнеркәсіптік өндіріс индексі - бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Жедел деректерін нақтылау жылдық статистикалық байқаудың қорытындылары бойынша жүргізіледі.

 

 

www.stat.gov.kz / ҚР өңірлерінің статистикасы / Батыс Қазақстан облысы

 

Орындаушы:

Мекенжай:

Гумарова А.Ш.

090000, Батыс Қазақстан облысы

Тел.: +7 7112 50-82-59

Орал қаласы

 

Мухит көшесі, 50/1

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті