Батыс Қазақстан облысындағы демографиялық ахуал туралы

Батыс Қазақстан облысындағы демографиялық ахуал туралы

2023 жылғы 1 қаңтарда облыс халқының саны ағымдағы есеп бойынша 688,1 мың адамды, оның ішінде 386,7 мың адам (56,2%) - қала және 301,4 мың адам (43,8%) ауыл тұрғындарын құрады.

Облыс халқының жалпы саны 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 4764 адамға, соның ішінде қала халқы 4442 адамға , ауыл халқы 322 адамға көбейді.  

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда АХАТ органдарында 12537 туылғандар тіркелді немесе 2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағыдан 12,9%-ға азайды. Жалпы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,16 туылғанды құрады.
Дүниеге келген сәбилердің 6582 облыс орталығында тіркелген, бұл барлық туылғандардың 52,5% құрайды.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша өлгендер саны 5560 адамды құрады, немесе 2021 жылдың осындай кезеңіндегіден 26,7%-ға азайды. Жалпы өлім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 8,05 адамды құрады. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанында 1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі 107 (2021 жылдың қаңтар-желтоқсан - 107) , өлім коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,53 адамды құрады.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс бойынша тіркелген неке саны 4272 (2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында - 4658), ажырасу саны азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының мәліметтері бойынша (некені  бұзу туралы сот шешімдері есебінсіз) 573 (2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында - 615) құрады.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс бойынша келгендер саны 24197 адамды немесе 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 109,4%, кетушілер саны сәйкесінше 26410 адам немесе 108,9% құрады. Халықтың көші-қон қозғалысында теріс сальдо 2213 адамды, оның ішінде халықаралық алмасу бойынша 399 адамды, облыс аралық алмасу бойынша 1814 адамды құрады. Облысішілік алмасу бойынша облыстың қалалық қоныстарына ауылдықтар ағыны 2031 адамды құрады.

 

_____________________________________________________________________________

Халық саны осы берілген уақыт мезетінде осы аумақта тұрып жатқан адамдар саны.

Туудың жалпы коэффициенті - жыл бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетеді.

Өлімнің жалпы коэффициенті - жыл бойына өлгендердің жалпы санының халықтың жылдық орташа санына қатынасын көрсетеді.

Нәресте өлімінің коэффициенттері - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі.

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz / Өңірлер / Батыс Қазақстан облысы / Ресми статистика / Демографиялық статистика

 

Орындаушы:

Мекенжай:

Филатова О.А.

090000, Батыс Қазақстан облысы

Тел. +7 7112 51-40-17

Орал қаласы

Instagram: www.instagram.com/zko_stat/
Facebook: www.facebook.com/profile.php?id=100024706533040

Мухит көшесі, 50/1

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті