2023 жылғы қаңтардағы Батыс Қазақстан облысындағы инфляция

2023 жылғы қаңтардағы Батыс Қазақстан облысындағы инфляция

2023 жылғы қаңтарда облыстың тұтыну нарығындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 1% өсті.

2023 жылғы қаңтарда азық-түлік тауарларының баға индексі 101,2% құрады. Алкогольсіз сусындар бағалары 0,3%, макарон өнімдері - 0,5%, балық және теңіз өнімдері, алкогольді ішімдіктер - 0,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері, нан өнімдері мен жармалар - 1,2%, май және тоңмай - 1,3%, сүт өнімдері - 2,2%, жемістер мен көкөністер - 2,5%, темекі өнімдері - 3,2% өсті.

2023 жылғы қаңтарда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,9% өсті. Фармацевтикалық өнімдер бағалары 0,3%, жеке пайдалануға арналған басқа тауарлар - 0,7%, киім және аяқ киім - 0,9%, үй тұрмысына қажетті заттар  - 1,1%, жуғыш және тазалағыш құралдары - 2,3%, автокөліктер - 2,4%, шыны бұйымдары - 3,2%, кітап және кеңсе тауарлары - 8% қымбаттады.

2023 жылғы қаңтарда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,8% өсті, бұл сақтандыру қызметтері  бағаларының 2,9%, білім беру қызметтері - 3,2%, тұрғын үйді күтіп ұстау төлемі - 5,1%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер - 5,7%, заңгерлік қызметтер - 12,6% өсуімен байланысты болды. Әуе жолаушылар көлігі қызметі бағасы 15,1% арзандады.

 

 

 

 

 

 

 

______________________________________________________________________________

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

www.stat.gov.kz / Өңірлер / Батыс Қазақстан облысы / Ресми статистика / Баға статистикасы

 

Орындаушы:

Мекенжай:

Хайруллина Р.

090000, Батыс Қазақстан облысы

Тел. +7 7112 51-37-97

Орал қаласы

Instagram: www.instagram.com/zko_stat/
Facebook: www.facebook.com/profile.php?id=100024706533040

Мухит көшесі, 50/1

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті