Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-қараша 2021 жылғы қаңтар-қарашаға  қарағанда 99,8% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

Тұрмыс деңгейі

2022 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 145956 теңгені құрады. 2021 жылғы II тоқсанға қарағанда атаулы ақшалай табыс 15,6%, нақты ақшалай табыс 1,9% көбейді.

2022 жылғы қарашада тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 40209 теңгені құрады, бұл 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 15,6% өсті. Азық-түлік қоржынының бағасы 22115 теңгені құрады.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы 1 желтоқсанға 14149 адамды құрады, жұмыс күші (экономикалық тұрғыдан белсенді халық) санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 4,2% құрады.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 265683 теңгені құрады.
2021 жылғы тиісті кезеңге атаулы жалақы индексі -  119,9%, нақты жалақы индексі 106,2% құрады.

Баға

Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы қарашада 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 118,1% құрады. Сонымен бірге азық-түлік тауарларына баға индексі - 122,2%, азық-түлік емес тауарларға - 116,6%, ақылы қызметтерге 113,9% құрады. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағаларының индексі 2022 жылғы қарашада 2021 жылғы желтоқсанға қатысты 93,5% құрады.

Ұлттық экономика

2022 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бағалау есебімен 405,7 млрд. теңге немесе 2021 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 106,5% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2022 жылғы 1 желтоқсанға 12439 бірлікті, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бары 12124 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны - 9620 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар 9305 бірлікті құрады.

Сауда

2022 жылғы қаңтар-қарашадағы «Сауда» (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу) саласы бойынша нақты көлем индексі 102,4% құрады.

2022 жылғы қаңтар-қарашадағы бөлшек сауда көлемі 375 млрд. теңге немесе 2021 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 102,5% құрады (салыстырмалы бағада). 

Көтерме сауда көлемі 405,2 млрд. теңге немесе 2021 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 101,9% құрады (салыстырмалы бағада).

Экономиканың нақты секторы

2022 жылғы қаңтар-қарашада ауыл, орман және балық шаруашылықтары жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 270015,1 млн. теңге немесе 2021 жылғы қаңтар-қараша деңгейіне 108,3% құрады.

2022 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3590,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 98,7% құрады, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 98,4%, өңдеу өнеркәсібінде - 104,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 89,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 108,3%.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 170826,3 млн. теңгені немесе 2021 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 102,2% құрады. Тұрғын үй құрылысына 45694,7 млн. теңге жұмсалды (2021 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 75,2%), 532780 шаршы метр (2021 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 105,4%) тұрғын үй пайдалануға берілді.

2022 жылғы қаңтар-қарашада «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 100,6% құрады.

2022 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының көлемі 9107,2 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2021 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 23,2% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 2478,5 млн. жкм немесе 2021 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 146,4% құрады.

Қаржы жүйесі

Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 қазанға 505,4 млрд. теңгені құрады. Шетел валютасындағы кредиттердің үлес салмағы 4,2% құрады. Халық депозиттері 319,2 млрд. теңгені құрады.

 Экономикалық салалардың өсуі
(нақ
ты көлем индексі, 2022 жылғы қаңтар-қараша
2021 жылғы қаңтар-қарашаға %-бен
)

Өнеркәсіп

98,7

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

108,3

Құрылыс

102,2

Сауда

102,4

Көлік және қоймалау

100,6

Байланыс

104,3

 

  Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Халық
(2022 жылғы 1 қарашаға, мың адам)

687 004

ЖӨӨ
(2022 жылғы қаңтар-маусым, %)

101,6

Инфляция
(2022 жылғы қараша 2021 жылғы қарашаға, %)

18,8

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (1)

(2022 жылғы қаңтар-қараша 2021 жылғы қаңтар- қарашаға, %)

99,8

Жұмыссыздық деңгейі
(2022 жылғы ІІІ тоқсан, %-бен)

5,0

Орташа айлық жалақы (2)
(2022 жылғы ІІІ тоқсан, теңге)

275 904

 

(1) Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

(2) Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаушы:

Мекенжай:

Киреева А.Ж.

090000, Батыс Қазақстан облысы

Тел.: +7 7112 51-40-33

Орал қаласы

Instagram: www.instagram.com/zko_stat/
Facebook: www.facebook.com/profile.php?id=100024706533040

Мухит көшесі, 50/1

 

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті