Қысқа мерзімді экономикалық индикатор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 100,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60% аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
Тұрмыс деңгейі
2022 жылғы II тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 145956 теңгені құрады. 2021 жылғы II тоқсанға қарағанда атаулы ақшалай табыс 15,6%, нақты ақшалай табыс 1,9% көбейді.
2022 жылғы қыркүйекте тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 44226 теңгені құрады, бұл 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 27,2% өсті. Азық-түлік қоржынының бағасы 24324 теңгені құрады.
Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы 1 қазанға 15834 адамды құрады, жұмыс күші (экономикалық тұрғыдан белсенді халық) санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 4,7% құрады.
2022 жылғы қаңтар-маусымда бір қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 263259 теңгені құрады.
2021 жылғы тиісті кезеңге атаулы жалақы индексі 119,1%, нақты жалақы индексі 106,9% құрады.
Баға
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы қыркүйекте 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 114,7% құрады. Сонымен бірге азық-түлік тауарларына баға индексі - 118,9%, азық-түлік емес тауарларға - 113,4%, ақылы қызметтерге 109,9% құрады. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағаларының индексі 2022 жылғы тамызда 2021 жылғы желтоқсанға қатысты 92,9% құрады.
Ұлттық экономика
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бағалау есебімен 320,7 млрд. теңге немесе 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейіне 114,5% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2022 жылғы 1 қазанға 12282 бірлікті, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бары 11968 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны - 9474 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар 9160 бірлікті құрады.
Сауда
2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі «Сауда» (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу) саласы бойынша нақты көлем индексі 98,3% құрады.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 295,6 млрд. теңге немесе 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 100,8% құрады (салыстырмалы бағада).
Көтерме сауда көлемі 301,1 млрд. теңге немесе 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейіне 95,2% құрады (салыстырмалы бағада).
Экономиканың нақты секторы
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылықтары жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі 209567,9 млн. теңге немесе 2021 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 102,6% құрады.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 3093,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейіне 100,8% құрады, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 100,4%, өңдеу өнеркәсібінде - 108%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 94%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 106,4%.
Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 137515,2 млн. теңгені немесе 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейіне 100,2% құрады. Тұрғын үй құрылысына 35668,1 млн. теңге жұмсалды (2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейіне 75,6%), 399917 шаршы метр (2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейіне 103,1%) тұрғын үй пайдалануға берілді.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 99,7% құрады.
2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 7080,3 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 26,8% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 1865,2 млн. жкм немесе 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейіне 151,4% құрады.
Қаржы жүйесі
Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы
1 тамызға 487,3 млрд. теңгені құрады. Шетел валютасындағы кредиттердің үлес салмағы 5,5% құрады. Халық депозиттері 311,9 млрд. теңгені құрады.
Экономикалық салалардың өсуі |
|
Өнеркәсіп |
100,8 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
102,6 |
Құрылыс |
100,2 |
Сауда |
98,3 |
Көлік және қоймалау |
99,7 |
Байланыс |
103,1 |
Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер |
|
Халық |
686 112 |
ЖӨӨ |
101,6 |
Инфляция |
17,0 |
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (1) (2022 жылғы қаңтар-қыркүйек 2021 жылғы қаңтар- қыркүйекке, %) |
100,7 |
Жұмыссыздық деңгейі |
5,0 |
Орташа айлық жалақы (2) |
269 302 |
(1) Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
(2) Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.
Орындаушы: |
Мекенжай: |
Киреева А.Ж. |
090000, Батыс Қазақстан облысы |
Тел.: +7 7112 51-40-33 |
Орал қаласы |
Instagram: www.instagram.com/zko_stat/ |
Мухит көшесі, 50/1 |
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті