Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп жұмысының негізгі қөрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысының  өнеркәсіп жұмысының негізгі қөрсеткіштері

2022 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі болып табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1219,9 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 5,4% құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы деңгейге қатысты алғанда 104,9% бағаланды.

                Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (88,4%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5,9%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 5,2%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,5% құрады.

2023 жылғы қаңтар-маусымда да тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 72 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 6,8% жоғары. Металл кендерін өндіру көлемі 4,9%, табиғи газ өндіру көлемі 2,7 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсету 0,9% болғаны байқалады.

2023 жылғы қаңтар-маусымда өңдеу өнеркәсібінде 1078,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,3% құрады. Тамақ өнімдерін өндіруде – 0,6%, металлургия өндірісінде – 4,3%, өсу химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде – 21% болғаны байқалады.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 63,5 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 92,4% құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда 7,9%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз етуде 7,4% төмендеу байқалды.

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 6,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 14% төмен. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жаратуда (қалпына келтіруде) – 43,5% кеміді.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты бұрынғысынша облыс орталығы алады (өндірістің облыстық көлемінің 77,9%), Риддер қаласында өнім көлемінің – 7%, Шемонаиха ауданында – 5,4%, Глубокое ауданында – 3,6%, Ұлан ауданында – 2,5%, Алтай ауданында – 1,8% өндірілді.

 

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

Баспасөз-хабарламасың жүктеу