Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысының  өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері

2022 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің өсуі 2023 жылғы қаңтар-мамырдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі болып табылады.

 

Өнеркәсіп кәсіпорындары және өндірістерімен 1055,9 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 5,6% құрайды. Өнеркәсіп өндірісі индексінің көрсеткіші 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы деңгейге қатысты алғанда 105% бағаланды.

                Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (88,7%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру 5,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 5,3%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,5% құрады.

2023 жылғы қаңтар-мамырда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеруде 58,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қарағанда 6,4% жоғары. Металл кендерін өндіру көлемі 2,8%, табиғи газ өндіру көлемі 2,7 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызмет көрсету 21,1% артты.

2023 жылғы қаңтар-мамырда өңдеу өнеркәсібінде 936,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 105,5% құрады. Металлургия өндірісінде 7%, тамақ өнімдерін өндіруде 1,3%, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде 3,5% өндіріс көлемінің артқаны байқалды.

Электр энергиямен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 56 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіп өндірісінің индексі 94,5% құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда 5,7%, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз етуде 5,5% өндіріс көлемінің төмендеуі байқалды.

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 5,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге қарағанда11,4% төмен. Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жаратуда (қалпына келтіру) 34,3% кеміді.

Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты дәстүрлі түрде облыс орталығы алады (жалпы көлемінің 78,7%), Риддер қаласының өнеркәсібімен облыстық өнім көлемінің – 6,9%, Шемонаиха ауданында – 5,1%, Глубокое ауданында – 3,4%, Ұлан ауданында – 2,4%, Алтай ауданында – 1,7% өндірілді.

 

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

Баспасөз-хабарламасың жүктеу