Облыс халқының саны туралы

Облыс халқының саны туралы

2023 жылғы 1 сәуірге Шығыс Қазақстан облысында 729997 адам тұрады. Жыл ішінде халық саны 1963 адамға немесе 0,3% азайды. Шығысқазақстандықтардың үлесінің көбі 63,3% – қала және 33,7% ауыл тұрғындары.

Жалпы халық санынан 2023 жылдың 1 қаңтарына 349,5 мың ерлер (47,9%) және 380,7 мың әйелдер (52,1%) тұрды.

2023 жылдың басына облыс халқының жас құрамы мынадай: 15 жасқа дейінгі балалар 166,6 мың адамды құрады немесе 22,8%, 16-62(60) жас аралығындағы адамдар – 422,6 мың адамды құрады, немесе 57,9%, 63(61) жас және одан жоғары жастағылар – 141,0 мың адамды құрады, немесе 19,3%.

Шығыс Қазақстан облысының этникалық құрамындағы ең көп болып саналатын он ұлттың халық саны облыс халқының жалпы санының 99% құрады. Оған қазақтар (50,2%) мен орыстардан (44,9%) басқа немістер (1,4%), татарлар (0,9%), украиндер (0,8%), әзірбайжан мен белорустар (0,2%), шешендер, өзбектер және кәрістер (жалпы халықтың 0,1%-нан) кірді. Қалған этностардың әрқайсысының жеке үлес салмағы облыс халқының жалпы санының бір пайызына да жетпейді.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Халық саны - осы берілген уақыт мезетінде осы аумақта тұрып жатқан адамдар саны. Жыл басына ағымдағы бағалау - халық санағының соңғы қорытындысы негізінде есептеліп, оған сол аумақта туылғандары мен тұрақты тұрғылықты орынға келгендерінің саны жыл сайын қосылып отырады да, одан сол аумақта өлгендері мен тұрақты тұрғылықты орынға кеткендерінің саны шегеріледі.

 

Баспасөз-хабарламасын жүктеу