Шығыс Қазақстан облысындағы мәдениет

Шығыс Қазақстан облысындағы мәдениет

2023 жылғы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында: 170 қоғамдық кітапхана, 172 мәдени-демалыс ұйымдары,                                            9 музей, 5 ойын-сауық және демалыс саябағы, 3 кинотеатр, 2 хайуанаттар бағы, 1 концерттік ұйым, 1 театр жұмыс істеді.

2022 жылы келушілер кітапхана (3216,8 мың бару), кинотеатр (928 мың бару), музейлерде (564,8 мың бару), ойын-сауық және демалыс саябақтарында (228,9 мың бару) көп болды. Бұл ретте мәдени іс-шараларды ең көбі мәдени-демалыс ұйымдары (12,4 мың бірлік), театрлар (631 бірлік), ойын-сауық және демалыс саябақтары (39 бірлік) және концерттік ұйымдарында (129 бірлік) өтті.

Өңірлік бөліністе 2022 жылы кітапханаларына барушылар саны Өскемен қаласы (1708 мың бару), Риддер қаласы (284 мың бару), Алтай ауданы (270 мың бару) және Глубокое ауданында (253,9 мың бару) ең көп болды. Музейлерге ең көп барушылар саны Өскемен қаласы (524,7 мың адам) мен Катонқарағай ауданында (13,5 мың адам) болған.

 

2023 жылғы 1 қаңтарға арналған мәдениет мекемелерінің желісі

бірлік

 

Театрлар

Музейлер

Мәдени-демалыс мекемелері

Кинотеатрлар

Кітапханалар

Концерттік ұйымдар

Саябақтар

Хайуанаттар бағы

    Облыс бойынша                                                                           

    барлығы

1

   9

   172

3

   170

1

5

2

Өскемен қалалық

әкімшілігі

   1

   3

   2

   3

   17

   1

   5

2

Риддер қалалық

әкімшілігі                      

-

   1

   4

-

   6

-

-

-

Глубокое ауданы

-

-

   19

-

   25

-

-

-

Зайсан ауданы

-

   1

   11

-

x

-

-

-

Алтай ауданы

-

-

   15

-

   27

-

-

-

Күршімауданы

-

1

   28

-

   22

-

-

-

Катонқарағай ауданы

-

   2

   30

-

   18

-

-

-

Самар ауданы

-

-

   14

-

   10

-

-

-

Тарбағатай ауданы

-

-

   12

-

x

-

-

-

Ұлан ауданы

-

-

   22

-

   9

-

-

-

Шемонаиха ауданы

-

   1

   15

-

   15

-

-

-

                   

 

2022 жылы пандемияға байланысты шектеу шараларының толығымен алынып тасталуына байланысты барлық мәдениет мекемелерінің қатысуымен өткізілген іс-шаралардың артуы байқалады.

2022 жылы киносеанстарға келушілер саны 2021 жылмен салыстарғанда 3 есеге артқаны байқалады. Театрларға келушілер 2022 жылы 65,7% өсті, ойын-сауық және демалыс саябақтарына 54%, концерттік ұйымдарға 38,8%; мәдени демалыс орындарына 31,1%, музейлерге келушілер саны 0,9% өсті. 2022 жылы хайуанаттар бағына келушілер саны 2021 жылмен салыстырғанда бір деңгейде қалды.

2022 жылы концерттік ұйымдармен өткізілген іс-шаралар саны 63,3% өсті, мәдени-демалыс ұйымдарымен 34,5%; театрлармен 22,3%, демалыс және ойын-сауық саябақтарында 21,9%, музейде 2,1% артты. Кинотеатрлар өткізген кино көрсетілімдер саны 56,4% артты.

 

 

Әдістемелік түсініктемелер

Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, ұйымдастырылған баспа және қолжазба құжаттары қоры, графикалық, аудиовизуалды материалдар, электрондық жеткізгіштердегі құжаттар бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мәдениет ұйымы.

Концерттік ұйымдар - әдебиет пен өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға жағдай жасау және көркем ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал ету үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.

Музейлер - музей экспонаттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілік алдында ұсыну үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын танымал етуді қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдар.

Театрлар - әдебиет пен өнер туындыларының сахналық қойылымдарын жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомималар, балалар мен жасөспірімдерге арналған сатиралар мен әзілдер, жастар, эксперименттік).

Баспасөз-хабарламасың жүктеу