2022 жылы Шығыс Қазақстан облысының мал шаруашылығының дамуы туралы

2022 жылы Шығыс Қазақстан облысының мал шаруашылығының дамуы туралы

2022 жылы облыс шаруашылықтарының барлық санаттарымен 98,1 мың тонна немесе 2021 жылғы деңгейге қатысты алғанда 115,5% ет (сойыс салмағында), 497,9 мың тонна барлық түрдегі сүт (тиісінше 103,2%), 84,3 млн. дана жұмыртқа (86,8%), 1,8 мың тонна бал (95,7%), 1,4 мың тонна жүн (96,1%) өндірілді. Ет өндірудің өсіміне құс етін (35%), жылқы етін (5%), қой етін (4,6%), сиыр етін (4%), шошқа етін (2,6%) өткізу көлемінің артуы әсер етті. Сүт өндірудің өсімі - өнімді сиыр үйірінің өсуімен, қамтамасыз етілді. Жұмыртқа өндірудің азаюы тауық мекиендері басының азаюына байланысты.

Алдын-ала алынған есептік деректер бойынша 2022 жылы облыстың ауылшаруашылық өндірушілерімен 249,5 млрд. теңге сомасына мал шаруашылығының өнімдері өндірілді немесе бұл республикалық көлемнің 6,9%. Бал өндірудің көлемі бойынша облыс республикада бірінші, ет және сүт өндіруде – бесінші, жүн өндіруде – тоғызыншы орындарды иеленді.

Алдын-ала деректер бойынша мал шаруашылығын өндіру бойынша көлемнің жалпы өсімі 6,9% құрады; өсімге шаруа қожалықтарындағы өндірістің 25,1%, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында – 4,3%, жұртшылық шаруашылықтарында – 3,3% артуы әсер етті. Сонымен қатар, мал шаруашылығының жалпы өнімінің айтарлықтай үлесі (61%) жұртшылық шаруашылығына тиесілі, шаруа қожалықтарының үлес салмағы 20,8%, ауылшаруашылық кәсіпорындарында – 18,2% құрады.

Еттің (тірідей салмақта) негізгі өндірушілері (аталған өнімнің 83% жуығы) облыстың бес өңіріндегі шаруашылықтар болып табылады. Олар: Ұлан (63,9 мың тонна), Күршім (18,9 мың тонна), Зайсан (17,2 мың тонна), Тарбағатай (13,3 мың тонна), Қатонқарағай (13,2 мың тонна) аудандары. Сүт өндіру көлемінің жартысына жуығы Күршім (89,9 мың тонна), Ұлан (79,8 мың тонна), Тарбағатай (60,1 мың тонна), Глубокое (55,5 мың тонна), Қатонқарағай (53,5 мың тонна) аудандарында өндірілді. Бес ауданның шаруашылықтарымен 72,4% жұмыртқа өндірілді: олар Глубокое (18 млн. дана), Алтай (17,1 млн. дана), Шемонаиха (9,5 млн. дана), Қатонқарағай (8,7 млн. дана), Зайсан (7,4 млн. дана) аудандары. Бал өндіру Алтай (401,7 тонна), Катонқарағай (378,1 тонна), Глубокое (360,7 тонна), Шемонаиха (347,4 тонна), аудандарының және Өскемен қаласының (197,8 тонна) шаруашылықтарында шоғырланған, оларға облыстағы аталған өнім көлемінің 90% жуығы тиесілі.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнімдерді және шикізатты өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), мал және құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімі.

Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені - тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құс етін өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас айырбас мәмілесі бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару.

Сүт өндіру нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы сүтін, оның өткізілгеніне немесе бір бөлігі шаруашылықта бұзаулар мен торайларды суаруға кеткеніне қарамастан сипаттайды. Емізіп асырау кезінде еметін бұзаулар сүті өнімге кірмейді және бір сиырдан сауылатын сүт мөлшерін анықтағанда есепке алынбайды.

Баспасөз-хабарламасың жүктеу