Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2022 жылғы желтоқсанда өткен айға қатысты алғанда 101,2%, 2021 жылғы желтоқсанға – 120,0%-ды құрады.
2022 жылғы желтоқсанға облыс бойынша тұтыну бағасының индексі
пайызбен
|
2022 жылғы желтоқсан |
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан |
|
2022 жылғы қарашаға |
2021 жылғы желтоқсанға |
||
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер |
101,2 |
120,0 |
115,3 |
Азық-түлік тауарлары |
101,6 |
124,0 |
118,0 |
Азық-түлік емес тауарлар |
101,0 |
120,5 |
115,4 |
Ақылы қызметтер |
100,9 |
113,8 |
111,4 |
Азық-түлік тауарларының арасында 2022 жылғы желтоқсанда қарашамен салыстырғанда бидай ұны 0,5%, жоғарғы сұрыпты бидай ұнынан нан – 2,2% және бірінші сұрыпты бидай ұнынан нан – 0,6%, макарон өнімдері – 2,5%, күріш – 1,4%, ұнтақ жармасы – 1,5%, сұлы жармасы – 0,9%, ақтаған арпа жармасы – 2,0% және жүгері жармасы – 3,0%, сиыр еті – 0,3%, жылқы еті – 0,6%, шошқа еті – 1,7%, құс еті және шұжықтар – 1,1%-дан, балық пен теңіз өнімдері – 0,8%, пастерленген сүт – 1,9%, қаймақ – 2,8%, айран – 2,6%, ақ сүзбе – 2,5%, қатты ірімшіктер – 0,7%, жұмыртқа – 6,1%, тұздалмаған сары май – 0,6% және күнбағыс майы – 2,2%, кондитерлік өнімдер, алкогольді ішімдіктер – 1,2%-дан, шай – 1,0%, темекі өнімдері бағаларының – 0,5%-ға қымбаттағаны тіркелді.
Қарақұмық жармасының бағасы 3,3%, құмшекер – 1,5%-ға төмендеді.
Жеміс-көкөніс өнімдерінен алмұртқа 4,6%, қырыққабатқа, сәбізге – 0,3%-дан, басты пиязға – 1,2%, қызылшаға – 1,3%, картопқа – 0,5%-ға бағаның өскені байқалды.
Азық-түлік емес тауарлардан киім және аяқкиім 0,5%, құрылыс материалдары – 1,5%, жуғыш және тазалағыш заттар – 3,3%, жеке бас гигиенасы тауарлары – 1,2%, фармацевтік өнімдер – 0,2%, дизель отыны – 0,1%-ға қымбаттады.
Бензинге баға 0,1%, сұйытылған газ баллон бағасы – 9,3%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында ПИК қызметтері 6,9%-ға қымбаттай түсті, тұрмысқа жайлы үйді жалға алу төлемі 0,6%-ға өсті.
Емхана қызметі 1,6%, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметі – 0,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі – 2,6%-ға қымбаттады; жолаушылар көлігінің қызметі 0,9%-ға арзандай түсті.
Өткен жылғы сәйкес аймен салыстырғанда облыста инфляциялық үдерістердің артқаны байқалады.
__________________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсініктемелер
Инфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.