Шығыс Қазақстан облысы бойынша үшінші ұлттық халық санағының қысқаша қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысы бойынша үшінші ұлттық  халық санағының қысқаша қорытындылары

2021 жылғы санақ деректері бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы халық саны 1341292 адамды құрады.                           2009 жылғы санақпен салыстырғанда шығысқазақстандықтар санының 55,3 мың адамға (4,0%) төмендеуі байқалады.

2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша қалалық жерде 801,5 мың адам тұрды (жалпы облыстағы халық санынан 57,4%), 2021 жылғы санақ мерзіміне қаладағы халық саны 846,6 мың адамды құрады (63,1%). Ауылдағы халық үлесі сәйкесінше 42,6%-дан 36,9%-ға дейін төмендеді.

Әйелдер саны Шығыс Қазақстан облысында бұрынғыша ерлер санынан жоғары. Санақ қорытындысы бойынша әйелдер саны 45,4 мыңға артық болды. Егер пайызбен айтар болсақ, ерлер үлесі – 48,3%-ды, әйелдер үлесі – 51,7%-ды құрады. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысында 100 әйелге 93 ер адамнан келеді.

 

*Абай облысының мәліметтерін қоса алғанда

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Санақ белгілі бір уақыт шеңберінде халықтың демографиялық, экономикалық және әлеуметтік сипаттағы деректерін жинау, өңдеу, жалпылау, талдау және жариялаудың бірыңғай үдерісі және 10 жылда бір рет жүргізіледі.

Баспасөз-хабарламасың жүктеу