2021 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің өсуі 2022 жылғы қаңтар-шілдедегі өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорындары және өндірістерімен 1258,4 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,5%-ын құрайды. Өнеркәсіп өндірісі индексінің көрсеткіші 2021 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейге қатысты алғанда 108,2%-ға бағаланды.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (89,3%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 5,0%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау –5,1%-ды, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,6%-ды құрады.
2022 жылғы қаңтар-шілдеде да тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 63,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 17,3%-ға төмен. Металл кендерін өндіру көлемі 12,8%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсетілетін қызметтер көлемі 43,6%-ға кеміді.
2022 жылғы қаңтар-шілдеде өңдеу өнеркәсібінде 1123,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 115,3%-ды құрады. Металлургия өндірісінде – 15,5%-ға, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде – 2 есеге, тамақ өнімдерін өндіруде – 7,3%-ға өндіріс көлемінің өсуі байқалды.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 64,5 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіп өндірісінің индексі 98,7%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 2,6%-ға өндіріс көлемінің азаюы байқалды.
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 6,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 9,9%-ға төмен. Суды жинау, өңдеу және тарату – 4,2%-ға, ағын суларды жинау және өңдеу – 6,6%-ға, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жаратуда (қалпына келтіру) – 16,4%-ға кеміді.
Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты дәстүрлі түрде облыс орталығы алады (жалпы көлемінің 77,4%-ы), Риддер қаласының өнеркәсібімен облыс өнімінің – 10,0%-ы, Шемонаиха ауданында – 5,2%-ы, Глубокое ауданында – 2,7%-ы, Алтай ауданында – 1,7%-ы, Ұлан ауданында – 1,6%-ы өндірілді.
Әдіснамалық түсіндірмелер
Өнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.